Маңғыстаулық кәсіподақтар халықтық референдумды қолдайды
Олардың пікірінше бұл, қоғам мүшелеріне елде болып жатқан тарихи өзгерістерге атсалысуға берілген бірегей мүмкіндік. Сондықтан, әрбір азамат саяси шараға белсенді қатысуы тиіс. Басқосу өңірдің әлеуметтік серіктестері штабы мен Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Оған мұнай сервистік компаниялардың өкілдері мен салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының төрағалары қатысты. Жиында штаб мүшелері жұмыс берушілер мен жұмысшыларға Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп, референдумның маңыздылығын айтты.
Мәдина Байболатқызы, Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы:Референдум бұл қазақ елінің әрбір азаматына ел тағдырына қатысты мәселелерді шешуге тікелей мүмкіндік береді. Бұл жаңа Қазақстанның болашағына айтарлықтай әсер етеді деп ойлаймыз. Референдумға шығатын ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы оң шешімін табады деген сенімдеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Қазақстан мен Италия жаңа бизнес алаңын іске қосты
21.09.2026, 09:57
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06