Ақтөбедегі екі күн бойы тоқтаусыз жауған нөсерден бірнеше ғимаратқа залал келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі екі күн бойы тоқтаусыз жауған нөсерден бірнеше ғимаратқа залал келді

16.05.2022

Ақтөбедегі екі күн бойы тоқтаусыз жауған нөсерден бірнеше ғимаратқа залал келді. Облыстық балалар ауруханасы мен сауда дүкенінің төбесінен су сорғалап, жұртты әбігерге салды. Сондай-ақ, бүгін екі мектептің балалары онлайн оқуға жіберілді. Жол ми батпақ болғандықтан автобус бара алмаған.

Гүлнәз Мырзағалиева, Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

«34 оқушы 76-сыншы мектептің, Бекқұл баба-1 және 2 тұрғын үй алабына қатынайтын балалар қашықтан оқытуға көшірілді. Таңғы уақытта номері үшінші мектепте электр жарығының өшуіне байланысты қашықтан оқуға рұқсат берілді».

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, су соруға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Ал, синоптиктер «мамыр айы соңына дейін өңірде жауын-шашын болады», - дейді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу