Мемлекет басшысы Мәскеуге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

16.05.2022

Мемлекет басшысы Мәскеуге барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы кеше кешкісін Ресей астанасына қонды. Бүгін Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады. Биыл шартқа қол қойылғанына 30, ал, ұйымның құрылғанына 20 жыл. Алқалы жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевты Владимир Путин мен ұйымның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян арнайы шақырған еді. Кремльде өтетін саммитке қазақ президентімен қатар, ұйымға мүше қырғыз, армян, тәжік, белорусь пен ресей басшылары қатысады деп жоспарланған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу