Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен кездесті

16.05.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен кездесті. Мемлекет басшысы шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты билеуші әулеттің мүшелері мен әмірліктер халқына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтіп, жаңа сайланған президентке сәттілік тіледі.

Ал Біріккен Араб әмірліктерінің басшысы осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға өзара ниетті екендерін білдірді.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу