Бала тәрбиесі құрсақтан басталуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала тәрбиесі құрсақтан басталуы керек

14.05.2022

Ата-ана – ұлттың ұясы. Өйткені ел болашағы саналатын ұл-қыздарды тәрбиелеу солардың мойнында. Алматыда мың жарымға жуық ата-ана бас қосып, бала тәрбиесін талқылады. Республикалық форум ұйымдастырылып, саналы әке-шеше мәдениетін қалыптастыру, олардың педагогикалық, психологиялық сауатын арттыру, отбасы құныдылықтарын насихаттау, бала құқығы, білім алуы, денсаулығы, сондай-ақ қауіпсіздігі сынды өзекті тақырыптар көтерілді. Жиында шет елдерден келген психолог мамандар өз тәжірибесін бөлісті.

Айгерім Жиенбаева, форумға қатысушы: Пайдасы, берері мол. Әсіресе, жас ата-аналарға. Өйткені заман бір орында тұрмайды. Күнделікті өзгеріс, ақпараттық ағым болып жатыр. Сол заманға сай ата-ана қалыптасуына осы форумның әсері зор деп ойлаймын.

Айгерім Жиенбаева, форумға қатысушы:

Пайдасы, берері мол. Әсіресе, жас ата-аналарға. Өйткені заман бір орында тұрмайды. Күнделікті өзгеріс, ақпараттық ағым болып жатыр. Сол заманға сай ата-ана қалыптасуына осы форумның әсері зор деп ойлаймын.

Меруерт Мәулетқызы, қоғамдық бірлестік өкілі:

Үйдегі әр бала тәрбиелі болса, қоғам тәрбиелі болады деп ойлаймын. Қазіргі мына жаһандану заманында, жан-жақтан қыспаққа алған уақытта бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қару маңызды деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу