Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан парламентері құрған ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның бірінші отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан парламентері құрған ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның бірінші отырысы өтті

13.05.2022

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан парламенттері құрған ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның бірінші отырысы өтті. Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Қос тарап мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы мәселелерді шешуге ықпал етуге уағдаласты. Сондай-ақ, көші-қон саясаты бойынша да өзара жәрдемдесу мәселесін талқылады. Ресми сапар барысында Мәулен Әшімбаев Милли Мажлисінің төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті. Екі елдің сенаторлары экология, трансшекаралық өзендердің суын пайдалану және басқа да ортақ проблемаларды бірлесіп шешу жөнінде сөйлесті.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу