Елордада Қасым хан туралы тарихи фильмнің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қасым хан туралы тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

13.05.2022

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кино туынды Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген. Фильмнің режиссері - Ақан Сатаев. Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды белгілі актерлер сомдаған. Аты аңызға айналған Қасым ханның балалық шағы, жастық дәурені мен қарттық кезеңі қамтылған. Кино туындыда сол замандағы алауыздық, ұрыс-керіс, билер кеңесі, жер дауы, елшілік жоралар мен дәстүр сабақтастығы шебер суреттелген.

«Бұл «Қасым салған қасқа жолдың» бес тарауы. Осы арқылы өскелең ұрпаққа мұра қалдырып, маңызын ұғындыру көзделді» дейді актер.

Берік Айтжанов, актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Қазіргі таңда бұл жастарға көп өнеге, тәлім берері мол. Батыр бабаларымыздың ерлігі патриоттық рух үндейді, үйретеді. 

Мақпал Ауғанбай

Хабарламаларға жазылу