Биыл Көкшетау қаласына - 190 жыл. Мерейтойға тарту ретінде шаһарда төрт бірдей субұрқақ қайта жаңартылды.
Күн ұясына батқан шақта олардың көрінісі тіпті ерекше. Түрлі түске бөленіп, көздің жауын алады. Сондай-ақ, сазды әуенмен әрленген.
Жаңа үлгідегі субұрқақтарды жасауға қала қазынасынан 65 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ