Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бақылау күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бақылау күшейтілді

11.05.2022

Аймақтарда Президент тапсырмаларының орындалуын бақылап отырған «Ел намысы» тобының мүшелері бүгін жұмысын қорытындылады. Айтуларынша, шалғайдағы елді-мекендерде жаңа реформаларға қатысты түсіндіру шаралары баяу жүріп жатыр. Ал кей жерлерде атқарушы органдар заңды бұзып, немқұрайлық танытады. Осы мақсатта ерікті түрде құрылған қоғамдық қозғалыстар өңірлердегі жемқорлық пен құқықбұзушылық деректерін әшкерелеуге барынша көмектесуде. Бақылау тобына кіретін заңгерлер кез-келген салада алданған азаматтарға тегін кеңес беріп жатыр. Еріктілердің күшімен ел бойынша әзір 12 қылмыстық іс қозғалды.

Әсет Әссанди, «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының мүшесі:

Тобымыздың негізгі мақсаты қоғамдық бақылау жүргізу болғандықтан біз келеңсіздіктерді тікелей билік басындағыларға жеткізіп тұрамыз. Егер оған ешқандай әсер етпей, ешқандай жауап ала алмайтын болсақ, біз әлеуметтік желі арқылы ашық жария түрде айта бастаймыз. Біз мұны пәлең деген лауазым қызметкеріне осындай жеткізген едік, алайда жауап болмады деп.


Хабарламаларға жазылу