Алматыда Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті

11.05.2022

Алматыда «Конституцияға өзгеріс енгізу – Жаңа Қазақстан құрудың даңғыл жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қабырғасында болды. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен заң саласының мамандары қатысты. Сарапшылардың пікірінше, референдум – демократияның маңызды институты. Қоғам мен әр азамат үшін маңызды шешім.

Сайын Борбасов, саяси ғылымдарының докторы:
Осы тағдыр шешті мәселелердің барлығы референдумда талқылануы саяси оқиға. Сондықтан барша Қазақстан халқы референдумға қатысып, Конституцияға байланысты өзінің пікірін айтуға тиісті деп есептейміз. Себебі, олар саяси ғана қадам жасап отырған жоқ, олар өзінің тағдырын, болашақтарының тағдырын шешім отыр. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу