«Qazsport» телеарнасы бокстан Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы бокстан Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

10.05.2022

Жаһандық дода Стамбул (Түркия) қаласында 8 – 20 мамыр аралығында өтеді.

9 – 16 мамыр аралығында іріктеу кездесулер күндізгі (16:55) және кешкі (20:55) сессияда күн сайын тікелей эфирде арнамыздан көрсетіледі.

13-14 мамыр – тек кешкі сессия (20:55)

17 мамыр – демалыс

18 мамыр – Жартылай финал

19-20 мамыр – Финалдық кездесулер

Қазақстан құрамасы барлық 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Әлем Чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

48 келі. Алуа Балқыбекова

50 келі. Назым Қызайбай

52 келі. Жайна Шекербекова

54 келі. Дина Жоламан

57 келі. Карина Ибрагимова

60 келі. Римма Волосенко

63 келі. Аида Әбікеева

66 келі. Дариға Шакимова

70 келі. Валентина Хальзова

75 келі. Надежда Рябец

81 келі. Гүлсая Ержан

+ 81 келі. Ляззат Күнгейбаева


Хабарламаларға жазылу