Қантты өз өнімімізбен өндіру көлемін алдағы 5 жылда 80 пайызға дейін жеткізу межесі тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қантты өз өнімімізбен өндіру көлемін алдағы 5 жылда 80 пайызға дейін жеткізу межесі тұр

08.05.2022

Жыл басынан бері елімізде қант 36 пайызға қымбаттаған. Жалпы, соңғы 1 жылда шекер құны 2 есе өскен екен. Қант құны өскені бір бөлек, оған сұраныс та артып жатыр. Биыл наурызда «қант қат болады» деп халықтың дүкен сөрелерін тап-тұйпыл еткені естеріңізде шығар?! Әсима Нұрбайқызы нарықтағы шекер тапшылығынан бұрын бұл тәттінің денсаулыққа кері әсерін тереңірек зерделеп көрді. Бәлкім, қанттың қымбаттауы одан бас тартуға себеп болар?! 

Қант қат десе көптің абдырап қалатыны рас. Оған жақында болған мына жағдай дәлел.

Бізде орташа есеппен бір қазақстандық жылына 30 келі қант тұтынады екен. Ал алманы үш есе аз жейді. Шекерге талас бекер емес. Соңғы жылдары елде өнімге сұраныс тағы артқан.

Ербол Есенеев «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіптік кешен және тамақөнеркәсібі департаментінің директоры:
 Соңғы 5 жылда 100 мың тоннаға көбейттік. Қазіргі тұтынатын 582 мың тонна.

Бірақ, осы тәтті өнімніңөндірісі бізде өркен жаймай тұр. Көбін сырттан тасимыз. Әлемдік нарықтағы бағаға тікелей тәуелді болатынымыз осыдан.

Айжан Наурызғалиева, Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті:
Бізде шикізат жоқ. Еңүлкен мәселеміз осы. Егер шикізатпен толыққамтыса, қантқа тапшылық проблемасы болмайды. Былтыр қанттың 53 пайызы шетелден келді. Қазір өндірісті дамыту бойынша бағдарламалар кешені әзірленіп жатыр. Көп мәселе шешіледі деген үміттеміз.

Сұранысқа ұсыныс жоқ емес - бар. Елдегі 4 зауыт ішкі нарықты қамтуға қауқарлы. Оныңүстіне елде тағы бір қант зауыты салынып жатыр. Өндіріс ошағы Жамбыл облысының Шу ауданында орналасады. Құрылыс келер жылы аяқталуы тиіс. Шикізат қорын дайындау үшін 70 мың гектар алқапқа қант қызылшасын егу көзделіп отыр. Күніне 8 мың тоннаға дейін өнім өңделмек. Қантты өз өнімімізбен өндіру көлемін алдағы 5 жылда 80 пайызға дейін жеткізу межесі тұр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Сонымен, біздің бір жылда тұтынатын қант мөлшері - 600 мың тоннаға жуық. Бұл үлкен цифр. Бірақ, импортқа иек артудан арылу керек. Қант қауымдастығы президентініңұсынысы осындай. Ал дәрігерлер қантқа сұраныстың еселеп артқанына дабыл қағып отыр. Олар шекерді – тәтті уға теңейді. Өйткені қантты мөлшерден артық тұтынудан болатын ауру түрлері көбейген.
Гүлжан Мұратханқызы, эндокринолог:
Бүкіл әлемдік ДСҰ болжамы бар. Қазақстанда 2030 жылы осы көрсеткіш 1 млнға жетеді деген. Түсінесіз ба? Қазір - 2022. 8 жылдан кейін біздіңҚазақстанда 1 млн адам Қазақстанда қант диабетіне шалдығады. Сондықтан қазіргі уақыттағы қант тапшылығына мен эндокринолог маман ретінде қуанам. Болмасыншы қант.

Қант дәрумендер мен минералдардан жұрдай өнім. Тіпті, ағзадағы бар минералдардыңөзін жоюға бейім. Онсыз да біз тұтынатын азық-түлік өнімдерінің 80 пайызында қант бар. Кәмпит өнімдерінен бөлек, нан, макарон, картоп, жеміс-жидек, тәтті сусын, тіпті еттіңқұрамынан да табылады. Аққант дастарханның төрінен түспей келеді.

Жанар Қалмақова, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы:
Мысалы тістің зақымдануы бойынша мектеп жасындағы балалар арасында кариестің таралуы 76 пайызды құрап отыр. Ауылдық елді-мекендерде 98 пайызға дейін жетеді. 2015-2019 жылы аралығында қант диабетінің балалар арасында күрт өсуі байқалады. 45,10% жоғарылағаны байқалады балалар арасында. Бұл бәрі сол қант қосылған сусындарды кеңінен пайдалануының нәтижесінде.

Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне былтыр жүргізілген тексеріс нәтижесі шошытарлық. Бір жылда сауда орындарынан 24 тоннанадан астам қауіпті өнімдер алынып тасталған. 1700-ге жуыққұқық бұзу фактісі анықталып, 14 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Дана Қасқатаева, ҚР ДСМ санитариялық эпидемиологиялыққадағалау комитетінің басқарма басшысы:
Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөліктері ол импортықөнімдерге тиесілі. Атап айтқанда 53,3 пайызы кеден одағыныңөндірушілердіңөнімдері болса, 23 пайызы ол шетелден келген өнімдер және 23,8 пайызы ол отандықөнімдерге тиесілі екендігі анықталды.

Дәрігерлер қантты мөлшерден көп қолдануды ұлттық трагедияға теңейді. Өйткені балалар арасында дерт түрлері дендеп келеді.

Айталық, қант диабеті ауруыныңөсімі 62 пайыздан асқан. 2015 жылы көрсеткіш 100 мың адамға 173 болса, қазір 280-ге жетті. 6-9 жастағы балалардың 20,6 пайызында артық салмақ бар, семіздік 7 пайызға жуық.

Қан қысымының жоғарылауы, артық салмақ, бас ауруы, шаштың түсуі, қалқанша безінің бұзылуы, тіпті онкологияға да душар ететін фактордың бірі осы - қант.

Төрегелді Шарманов, «Тағамтану» академиясының президенті:
Мен ойлаймын, қант жау. Қанттың энергетикалық күш бергеннен басқа түк пайдасы жоқ. Өте қауіпті дүние. Сондықтан да морфи дегенді білесіз ба? Қант морфидан да жаман. Ал бұл саған жүрек қантамырлар ауруларына, қауіпті ісіктерге дейін алып барады. Сондықтан да қант жүрек ауруларына солардың барлығына зиян.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу