Қазақстанда заң бойынша айрықша және арнайы құқық берілген 42 монополиялық оператор бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда заң бойынша айрықша және арнайы құқық берілген 42 монополиялық оператор бар

08.05.2022

Аты-шулы РОП операторы сияқты елімізде мұндай 40-тан астам субъект бар екен. Пандемия кезінде дәріні жоқ қылған – «СК- Фармация», көлікті тұраққа қойғаныңыз үшін ақша жинайтын серіктестіктер, тағысын-тағы. Тұрақ үшін жиналған қаражат қаланы көркейтуге, көгалдандыруға, тағы да тұрақтар салуға жұмсалып жатса, жөн. Бірақ жағдай басқаша: ақшаның басым бөлігі жекеменшікке кетеді. Қаңтар айында бизнесмендермен кездескенде президент былай деп еді: «жасанды құрылған монополияларға талдау жүргізу керек. Операторлар, әсіресе, жекеменшік, ұмытылуы тиіс. Естеріңізде болса, бұрын "өтеп алушы" деген термин болатын. Жекеменшік компания тиісті ақыға мемлекеттің бірқатар экономикалық функциясын орындауды өзіне сатып алады. Мұның соңы жақсылыққа апарған емес. Үкіметке заңнамалық түрде мұндай қызметке тыйым салуды тапсырамын".  Данияр Қайыртайдың репортажы.

Президент тапсырмасымен «Оператор РОП» компаниясы утилизациялық алым жинауға монополиялыққұқығынан айрылғаннан кейін ел экономикасындағы өзге де оператор-компаниялар туралы айтыла бастады. Сөйтсек Қазақстанда заң бойынша айрықша және арнайы құқық берілген 42 монополиялық оператор бар екен. Оның кейбіреуін мемлекет қаржыландырады, ал кейбірі «Оператор РОП» секілді белгілі бір қызмет көрсету үшін халықтан, кәсіпкерлерден алым-салық жинайды. Сөйтіп кейде наразылық тудырады. Әрқайсына жеке-жеке тоқталып көрейік.

Алдымен түсініп алайық, оператор деп – мемлекеттің белгілі бір функциясын атқаратын компанияны айтамыз. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің дерегінше, жаңа айтқан 42 оператордың 18-і монополияға қарсы реттеуді қажет етпейді. Оларға керісінше мемлекеттік монополия субъектісі ретінде айрықша құқық берілген.

Мирас Мақсат, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бас сарапшысы:
Себебі олардыңқызметі пайда алуға бағытталмаған, мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар, арнайы қорлар және операторлар. Мысалы, жеке басын куәландыратын құжаттардыңөндірісі, жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезіндегі сараптама жұмыстары.
Мирас Мақсат, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бас сарапшысы:
Негізінде бірыңғай операторлардың айрықша құқықтары мемлекеттік монополия субъектілерімен бірдей болып табылады. Бірақ олардыңқызметіне мемлекеттік монополия институтының шектеулері қолданылмайды. Бірыңғай операторлардыңқызметін реттеудің болмауы өз жағдайын теріс пайдаланудың жоғары тәуекелдеріне алып келеді, бұл аралас тауар нарықтарына теріс әсер етуі мүмкін.
Мұрат Оспанов, «Атамекен» ҰКП департамент директорының орынбасары:
Операторлыққызмет бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Мысалы, заң бойынша арнайы құқық берілген «Мемлекеттік несие бюросы» атты оператор жеке сектордағы ешқандай мәртебесі жоқ«Бірінші несие бюросы» компаниясымен бәсекеге түсіп отыр. Әділетсіз ғой! Сол сияқты «Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы» деген құрылды. Ол да аналогиялыққызмет атқаратын бизнес субъектілерінің жұмысын шектейді. Ал «Қазмұнайгаз-Аэро» компаниясы тіпті бәсекесіз жұмыс істейді.

Кәсіпкерлер тауарларды таңбалаумен айналысатын оператор – «Қазақтелеком» компаниясының жұмысына да көп шағымданады. Тауарларға таңба қою – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жоба. Әзірге темекі өнімдері мен аяқ киім тауарлары ғана таңбалауға жатады. Яғни өндірілген немесе елге кіргізілген әрбір тауарға арнайы код жабыстырылады. Ал ол кодты сол «Қазақтелекомнан» сатып алу керек. Осы жоба басталғалы артық шығындануға, қосымша кадр жалдауға тура келді дейді өндірушілер мен дистрибьюторлар.

Алмат Исмаилов, Цифрлық экономиканы дамыту орталығы басқарушы директорының міндетін атқарушы:
Әрбір таңбаға төленетін 2,68 теңге жүйенің жұмысына жұмсалады. Оператор ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Қайта керісінше шығын көп. Мысалы, Қазақтелеком осы уақытқа дейін 1,2 млрд тг инвестиция құйды. Осы шығынның бәрін тек 6 жылдан кейін өтеп алуымыз мүмкін.

Таңбалау – тауар айналымын заңдастыру, контрафакт пен контрабанданы жою үшін қажет. Демек салық төлеуден жалтару деген болмайды. Келісім бойынша Еуразиялық одаққа кіретін әр мемлекет бір ғана операторды белгілеуге міндеттелген.

Алмат Исмаилов, Цифрлық экономиканы дамыту орталығы басқарушы директорының міндетін атқарушы:
«Қазақтелеком» тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы ретінде байқау нәтижесінде таңдалды. Себебі біздің компанияның инфрақұрылымдық жасақталуы талаптарға сай келеді. Біз аяқ киімдерді таңбалай бастағалы импорт көлемі 30 пайызға артып отыр, яғни «көлеңкеден» шықты десек болады. Демек бюджетке түсетін салық та көбейді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «оператор» деген анықтама бермеген, бірақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты негізінде сондай міндет атқаратын өзге де компаниялар бар. Олар жекелеген топтардың баюы үшін ашылады дейді экономист.

Меруерт Махмұтова, экономист:
Ашылғалы жатқанда жариялай қоймайды, қандай пайда түсетінін. Былайша айтқанда олигарх пен мемлекет бір жерден өз пайдасын ойлап жатыр. Мәселен, Алматыдағы тұраққа байланысты жерді бөлді-дағы Байбек әкім болған кезде, Боранбаев одан пайда көрді.

Экономист айтып отырған Алматыдағы ақылы автотұрақтар жақында мемлекет меншігіне қайтарылды. Осыдан кейін қоғам тарапынан елордадағы тұрақтарға қатысты да сұрақтар туындай бастаған. Күні кеше «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» сол ақылы тұрақтарды әкімдік меншігіне өткізуді ұсынатынын хабарлады. Себебі Кәсіпкерлік кодекс пен Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңдарды бұзған. Ал компания басшысы «біздіңәріптестік өзгеше» дейді.

Шыңғыс Досыбаев, «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры:
Келісімшарт бойынша біздіңәріптестік былай құрылды: инвестицияны тек жеке компания құяды, біз осы уақытқа дейін 2 млрд-тай құйдық. Ал мемлекет тек тұраққа арналған жерді ұсынады, яғни сатпайды, жалға бермейді. Демек жер – мемлекет меншігінде қала береді. Компания инфрақұрылым жасап, автотұрақты басқарады. Көрдіңіз бе, біздіңәріптестіктіңөзі айрықша.

Бұл компанияның жұмысын телеграмдағы «Тенгеномика» арнасының сарапшылары да сынға алған. Олар серіктестер арасындағы табыстың бөлінуі әділетсіз деп тұжырымдайды. Себебі шарт бойынша алғашқы үш жыл бойы табыстың 95 пайызын жекеменшік оператор алады да, қалған 5 пайызын әкімдікке береді екен. Ал одан кейінгі 17 жыл бойы пайыздық арасалмақ – 75%-25% деп бекітіліпті.

Шыңғыс Досыбаев, «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры:
Бұл жерде келісім табыс туралы. Пайда туралы емес. Біз табыстың 60-70 пайызын инфрақұрылымныңөзіне, операциялық шығындарға жұмсаймыз. Сонда пайданыңүлесі 25 пайыз ғана деуге болады. Ал жергілікті әкімдіктің бюджеті табыстың 5 пайызынан бөлек, біз анықтаған айыппұлдардан түскен қаржымен толығып отырады.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу