«Қазақстан халқына» қоры әлемдегі ең қымбат дәрі «Золгенсма» препаратының тағы біреуін сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры әлемдегі ең қымбат дәрі «Золгенсма» препаратының тағы біреуін сатып алды

06.05.2022

«Қазақстан халқына» қоры елде тіркелмеген «Золгенсма» препаратының тағы біреуін сатып алды. Бұл жолы дәрі 2 жасар алматылық Фирдаус Қайратқа салынды. «Жұлын бұлшықетінің атрофиясы» диагнозы қойылған бүлдіршінге екпе кеше елордада жасалды. Қазір ол анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін «SMA» диагнозы бар балаларға арналған төрт осындай препаратты сатып алған. Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен арнайы ем-дом науқастарға енді «Ана мен бала» орталығында жасалады.

Нұрдәулет Қайрат, әкесі:

Фирдаус қызымыздың ауруын наурыз айының 2 күні білдік. Бұған дейін мұндай ауру бар екенін, қызымыз ол аурумен ауыратынын білмеппіз. Сағат 1-2-лер шамасында егілді кеше. Қазіргі Фирдаустың жағдайы әзірге орынша. Алдағы уақытта жақсы жаққа дамиды деп үміттенеміз. Қазақстан халқына қорына алғысымызды білдіреміз.


Хабарламаларға жазылу