«Ауыл аманаты» жобасы барлық аймақта жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл аманаты» жобасы барлық аймақта жүзеге асады

06.05.2022

Тұрғындардың табысын арттыруға арналған жоба енді еліміздің барлық аймағында «Ауыл аманаты» деген атаумен жүзеге асады. Бұл туралы Жамбыл облысына барған Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Тәжірибе ретінде Жамбыл облысынан бастау алған ілкімді жоба соңғы екі жылда өз тиімділігін көрсетті.

Өңірде бірнеше ауылдық округ таңдалды. бес бағыт бойынша тіршілігін түлетіп отырған шаруашылықтардың табысы осы жобаның арқасында еселене түскен. Мәселен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 65 пайызға азайып, өндірілген өнім көлемі 167 пайызға артқан. Ет және сүт өнімдері 1,5 мың тоннаға ұлғайып, жоба аясында 9,2 миллиард теңге қаржы игерілген. Ал биыл жобаға әр ауданнан екі ауылдық округті енгізіу көзделген. Нәтижесінде 589 жаңа жұмыс орыны ашылуы тиіс.

Дархан Аққұманов, кәсіпкер:

Миллион кредит алдық 19 - жылы. Күнделікті 2 тонна өніміміз бар. Осы жерден базарға сатамыз. 7,5 жылға алғанбыз, жартысынан құтылып қалдық. 2,5 пайыз болғаннан кейін өте тиімді

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер министрінің орынбасары:

Жамбыл облысындағы пилоттық жобаның арқасында 11 ауыл болған. Сондықтан осындай үлкен жобаны бүкіл қазақстан бойынша жүзеге асыруға осында келіп отырмыз. Болашақтағы негізгі мақсаты осы ауылдың жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған. Екіншіден ауылдың азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.


Хабарламаларға жазылу