Отандық ғалымдар дронға қарсы қолданатын қару жасап шығарды. Жаңа құрылғыны Алматыдағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік нститутының ұстаздары мен курсанттары ойлап тапқан. Олардың сөзінше құралдың құны Ресейлік және Түркиялық аппараттардан 3-4 есе арзан. Бірақ, сапасы кем емес.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Бұл автомат немесе пулемет емес. Қазіргі заманауи әскреи техника. Дрондарға қарсы құрал. Ерекшелігі бұл 1500 метр қашықтықта ұшып жүрген дрондарды тоқтатып жерге қондыра алады немес олардың байланыс желілерін толықтай үзіп тастауға қауқарлы.
Әуе арқылы шабуылдау тәсілі күн сайын жетілдіріліп жатыр. Әсіресе, дрондарға қарсы тұру қиын. Ал, бұл аппарат көзге көрінбейтін дрондардың ішіндегі платоларға арқылы әсер етіп, оның микрожелілерін күйдіріп тастайды. ның сөзінше мұны ойлап табуға әлемдегі соңғы оқиғалар себеп болған.
Уәлихан Сәбит, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты:
2021 жылдың басында Карабахта Арменияның әскерлері ПВОға қарсы, дәл дрондарға қарсы аппараты болмаған. Әзербайжан дрондары ұшып келіп, Арменияның позицияны көріп шыққан былай. Осы себептен аппаратты ойлап шығардым. Бұл проект бүкіл тесттардан өтіп әскеріміздің қатарына қабылданып жатыр.
Аппараттың салмағы қуаттағыш құралымен бірге 10 келіге жуықтайды. Иыққа тағып жүруге ыңғайлы.Оның үстіне барынша қарапайым жасалған. Сарбаздардың қолданып үйренуіне де жеңіл.
Уәлихан Сәбит, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты:
Материалдар аз кеткен. Керегі үш антенна. Рукаятка. Өзінің стволы және переобразавателі. Аналогтар өте қымбат. 1 млн доллардан асып кетуі мүмкін.
Қазір құрылғының тиімділігін арттыру үшін қосымша радиопеленгатор жасалып жатыр. Ол да жылжымалы, қолмен көтеруге ыңғайлы болмақ. Егер жоба сәтті жүзеге асса құралдың барлау мүмкіндігі 3 шақырымға жетеді, яғни қазіргіден екі есе артады. Ал, осы құралдың өзі қазір бірнеше сынақтан сәтті өтіп, өндіріске рұқсат алған.
Аманкелді Сейтхан