Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Қорғаныс қабілетін арттыру маңызды
Қарулы Күштерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз етуге үлкен мән беріледі. Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы осылай деді. Президент нақты ұрыс қимылдарында тиімділігін дәлелдеген қару үлгілері сатып алынатынын айтты. Сонымен бірге олар отандық кәсіпорындарда шығарылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтап, қайсар сарбаздарымыз ел қауіпсіздігін сенімді қорғап тұрғанына тоқталды. Бұрын-соңды болмаған әлемдік геостратегиялық шиеленіс кезінде еліміздің қорғаныс қабілетін арттырудың аса маңызды екенін ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Құрметті сардарлар және сарбаздар, ардақты ардагерлер баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын. Осыдан отыз жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Бұл мемлекеттігімізді нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Біз егемендік алған кезде әскери әлеуеті мықты армия жасақтауға баса мән бердік. Отаншыл әрі кәсіби мамандардың арқасында бұл міндетті ойдағыдай атқардық. Қорғаныс саласындағы негізгі мәселелер дер кезінде шешімін тапты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батыс Қазақстанда мұз ойылып, жүк көлігі суға батып кетті
29.12.2025, 10:28
Пиротехниканы заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды
29.12.2025, 10:27
Ресейде алаяқтарға жаза күшейеді
29.12.2025, 10:25
«Хамас» қозғалысын қаржыландырғандардан 1 млн еуродан астам ақша тәркіленді
29.12.2025, 10:24
Трамп пен Зеленский төртінші рет кездесті
29.12.2025, 10:22
Бүгін Мәжілісте 8 заң жобасы қаралады
29.12.2025, 10:20
Шымкентте 8 адам газдан уланып, ауруханаға түсті
29.12.2025, 10:20
Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды
29.12.2025, 10:18