Қызылжарлық қыздар Азияның клубтық чемпионатында тұңғыш рет топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарлық қыздар Азияның клубтық чемпионатында тұңғыш рет топ жарды

05.05.2022

Қызылжарлық қыздар жуырда Семейде өткен Азияның клубтық чемпионатында тұңғыш рет топ жарды. Жергілікті азамат Қайырбек Хамзин 2014 жылы ауыл қыздарын облыс орталығына жинап, «Қуаныш» волейбол клубын құрған. Содан бері ұжым осы кешенде тұрақты дайындалып келеді. Қазір спорт кешенінде кәсіпқой волейболшылармен бірге 100-ден астам оқушы тегін жаттығып жүр.

Сәбира Бекішева, «Қуаныш» волейбол клубының мүшесі:
Облыс орталығындағы спорт мектеп-интернатында волейбол бөлімі ашылды. Темирязев ауданынан командамен қалаға оқуға келдік. Клуб мүшелерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан. Азия чемпионатына қатысуымыз алғаш рет. Бұл жеңіс біз үшін жұлдызды сәт болды. 


Хабарламаларға жазылу