Қазақстан темір жолының өңірдегі өкілі бюджет қаражатын жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан темір жолының өңірдегі өкілі бюджет қаражатын жымқырған

04.05.2022

Қазақстан темір жолының өңірдегі өкілі бюджет қаражатын жымқырған. Ұлттық компанияның Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімінің басшысы лауазымын асыра пайдаланған. Сөйтіп, бюджеттен ұрлау дерегі бойынша күдікке ілінді. Ол жақтастарымен бірге 2016-2021 жылдар аралығында қызметкерлерден жүйелі түрде ақша жинаған. Сондай-ақ автоматты телефон стансасын жөндеуге шарт жасасып, оны орындамаған. Аталған жағдайға байланысты Павлодар қалалық соты Түсіпов, Иманбек және Сәрсембинов атты азаматтарды кінәлі деп танып, тиісті жаза кесті.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу