Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан босату ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан босату ұсынылды

04.05.2022

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан босату ұсынылды. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Лаура Мырзағали шулы іске байланысты қызметінен уақытша шеттетілген. Қарамағындағы қызметкеріне дөрекілік танытқан жоғары лауазымды тұлғаның әрекеті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Қызметтік тексеріс қорытындысы теріс тәртіптік қылық және этикалық заң бұзу барын дәлелдеген. Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Табынбаевқа сөгіс берілді.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу