Еуропа одағы Ресей мұнайына қарсы санкция әзірлеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы Ресей мұнайына қарсы санкция әзірлеп жатыр

03.05.2022

Еуропа одағы Ресей мұнайына қарсы санкция әзірлеп жатыр. Бұл туралы шешім осы аптада қабылданады, деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі. Жазалау шараларының алтыншы пакетіне Ресейдің энергетикалық шикізатын сатып алуға тыйым салу кіреді. Сондағы мақсат – Мәскеудің Украинадағы әскери науқанды қаржыландыру мүмкіндіктерін қысқарту.

Соңғы мәліметке қарағанда, Еуропа одағы ақпанның 24-нен бері, яғни, Украинада қарулы жанжал басталғалы, Ресейден 44 миллиард долларға мұнай мен газ сатып алған екен.

Ресейдің көмірсутегіне қарсы эмбаргоны Германия да өзіне отын тапшылығы қауіп төніп тұрса да қолдайтытынын мәлімдеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу