Бас прокуратура: 1 мамыр күні еліміздің бірнеше қаласында митинг өтеді деген ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура: 1 мамыр күні еліміздің бірнеше қаласында митинг өтеді деген ақпарат жалған

30.04.2022

1 мамыр күні елордада және еліміздің басқа да қалаларында Украинадағы әскери қақтығысқа қатысты митинг өтеді деген ақпарат жалған.

Бас прокуратура осылай деп мәлімдеме жасады.

Бұл күні әкімдіктер елді мекендердің орталық алаңдарында «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр.

Бас прокуратура заңды сақтап, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады.


Хабарламаларға жазылу