Украинадағы жағдай: Ресей армиясының қозғалысы баяулады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы жағдай: Ресей армиясының қозғалысы баяулады

30.04.2022

Украинаның Донбасс аймағы үшін шайқас жалғасып жатыр. АҚШ Қорғаныс министрлігінің дерегінше, Ресей армиясы үлкен қарсылыққа тап болып, алға баяу жылжып, жоспардан бірнеше күнге қалып отыр.

Ал британ барлаушыларының мәлімдеуінше, Мәскеу Донбасста шаршаған, қажыған әскери бөлімшелерін қайта біріктіруге күш салып жатыр.

Лавров: Операция жоспарға сай жүріп жатыр

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне берген сұқбатында Украинаның шығысындағы «операцияның» жоспарға сай жүріп жатқанын хабарлады. Тағы бір сөзінде Украинадан 1 миллионнан астам адамның Ресейге эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Миллионнан астам адам Ресейге көшірілген

Украина үкіметінің сөзінше, Ресей шекара бойындағы халықты өз жеріне еркінен тыс көшіріп, оларды кепіл ретінде ұстап, тұтқындарына айырбастауға әрекеттеніп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу