Футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдағы алғашқы кездесулері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдағы алғашқы кездесулері өтті

29.04.2022

Түнде футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдағы алғашқы кездесулері өтті. Ағылшындық Вэст Хэм өз алаңында немістің Айнтрахтысын қабылдап, бір де екі есебімен жеңіліп қалды. Ал Лейпциг шотландияның Рейнджерісімен ойнап, бір де нөл есебімен жеңіске жетті. Сондай ақ, конференция лигасында ағылшынның тағы бір командасы Лестер италиялық Ромамен кездесіп тең түсті. Ал Фейеноорд командасы Марселмен кездесіп, үш те екі есебімен жеңді. Қарымта ойындар келесі аптада өтеді. Ақтық сынға кімдердің шығатыны сол соңғы ойында анықталады. Естеріңізге сала кетейін, чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындарын ұлттық арна мен қазспорт арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу