«Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсіміне қатысты сын көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсіміне қатысты сын көп

28.04.2022

«Самұрық-Қазына» сыннан нәтиже шығармады. Сатып алу рәсімі бір көзден ауытқымаған. Ұлттық қор реформа емес, жәй ғана сылап-сипаумен айналысқан. Сенатор бизнес-қауымдастық пен сарапшылардың жаңа ережелерге талдау жасап, өзгеріс таппағанын жеткізді. Енді Еділ Мамытбеков, үкімет басшысына проблемаға назар аударуды сұрады. Биыл 1-сәуірдегі жаңа талапқа сай, холдинг ішілік сатып алу жүйесі алынып тасталған. Бірақ, ол бір көзден сатып алуға ауыстырылған болып шықты.

Еділ Мамытбеков, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Кооперацияның холдингішілік сатып алу рәсімі былтыр 25%-ға жетті. Қордағы барлық сатып алу көлемі 3,4 трлн теңге болды. Ал, ашық тендерге шығарылғаны сатып алу рәсімдерінің бар-жоғы 18%. Қордың сатып алу жүйесіне қатысты жария еткен өзгерістер косметика мен бутафория болып шықты.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу