WhatsApp-та сыныптасына тіл тигізген оқушының әкесі 2 миллион теңге өтемақы төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WhatsApp-та сыныптасына тіл тигізген оқушының әкесі 2 миллион теңге өтемақы төлейді

28.04.2022

Елордада сыныптасына WhatsApp арқылы тіл тигізген оқушының әкесі зардап шеккен тарапқа 2 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді. Қыз бала жазылған хабарламаны оқып бір ай бойы күйзеліп, ақыры психологтың көмегіне жүгінген. Ал оның анасы кибербуллинг жасалды деп сотқа арыз жазған. Соңында, әлеуметтік желі арқылы қорлаған жасөспірімнің әкесі әкімшілік жазаға тартылып, қыздың анасына моральдық өтемақы төлеу керек деген сот үкімі шықты.

Хабарламаларға жазылу