Шығыстағы Күршім ауданы Алғабас ауылының тұрғындары малын өрістете алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Күршім ауданы Алғабас ауылының тұрғындары малын өрістете алмай отыр

27.04.2022

Шығыстағы Күршім ауданы Алғабас ауылының тұрғындары малын өрістете алмай отыр. Елдімекеннің айналасындағы жердің бәрі жекенің қолында. Ал ауыл адамдары жайылымның жайын айтып аудан мен облыстағы осы салаға жауапты органдардың табалдырығын талай тоздырған. Бірақ нәтиже болмай тұр.

Алғабас бұрын малы мен жаны өскен ауыл болатын. Бірақ соңғы 20 жылда тұрғындар жайлымдық жер болмағандықтан мал басын күрт азайтқан.

Зағила Қаратаева, зейнеткер:
Сиырды қазір қоя берсең кетті ма, шаруаның жеріне барып түседі. Неге ол іргемізде тұр ғой. Мына жердегі қоршалған 800 адамбыз 140 үй. Солардың малының жейтіні жоқ.

Азығы жоқ мал қорада аңырап тұр. Медет жаз болса, өз ауылы мен көрші ауылдың малын бағады. Бақташының айтуынша бұрын осы аумақта мал жайылатын 4 мың гектар жер болған. Биыл ол да жекенің қолына өтіпті.

Медет Мұратұлы, бақташы:
Ол 4 мың гектардан 1 мың геатрда қалмапты. Елге таратып бөліп тастаған. Жеке қылып. Каратдан қарасақ, анау ананың жері, мынау мынан жері дейді.

Алағабастың төңірегенде ондаған мың гектар жер бар. Тоқсан пайызы егістік алқап. Бірақ халық егін де сала алмай отыр.

Бәйтен Қалымов, Алғабас ауылының тұрғыны:
Күршімнен шыққанда көрдіңізідер трастың екі жағы егіндік. Шаңы щыққан корозия. Енді жер сұрап барсақ Егіндік түгел жер. Жер ал, егін ек дейді. Мен қайтіп егін егем? Су жоқ.

Су жоқ болған соң, ну да жоқ. Сондықтан тұрғындар босқа корозияға ұшырап жатқан жерді жайылымға ауыстырса, деп отыр.

Олжас Керейхан, тілші:
Бұрын бұл алақапта жүгері мен жоңышқа жайқалап тұрған. Қазір арықтардың аңқасы кеуіп, шаңы шығып жатыр. Бұл шамамен 800 гектардай жер болады. Бірақ оған, қарамастан ауыл тұрғындары мал жаятын жайылымдыққа сұрап отыр.

Ауыл әкімі иесіз, иегірлмей жатқан алқаптың мақсатын ауыстыру жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасына бірнеше рет ұсыныс-хат жазған.

Ерлан Нұрсоветов, Күршім ауылдық округінің әкімі:
Егіндікті бізге нысааның өзгертейік дедік. Бірақ өзгертуге рұхсата бермей отыр.

Ұсыныс қаралып, ол шешімін тапқанша халық ұсақ малы мен сауын сиырды көзден таса қылмай, ауыл маңын айналдырып бағып жүр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу