«Мәдени салада ЮНЕСКО еліміз үшін маңызды әріптес». Бүгін ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың алғашқы өңіраралық кеңесінің үшінші күнгі жиынында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осыны жеткізді.
Себебі, кеңестің соңғы отырысы 2022 жылға дейінгі Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы аясындағы игі бастамаларды іске асыруға бағытталған.
Вице-премьердің айтуынша, «Қазақ елі тәуелсіздігін алған күннен бері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тек ішкі мәселені ғана шешумен емес, сыртқы саясатта да сындарлы қадам жасады.
Шетелдермен әріптестікті бірдей бекітіп, олармен тығыз байланыс орнатуды қолға алды. Сондықтан, осы сыртқы саясатымыз ел ішіндегі саясаттың елеулі жалғасы».
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Бүгін екі басты тақырып қозғалды. Біріншісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы. Басқа елдерден ол қандай институт екені туралы сұрақ туындап отыр.
Екінші тақырып, Қазақстанның, Президенттің бастамасы бойынша осы 10 жылдық мәдениеттерді біріктіру, жалғастыру. Соған байланысты мәселелерді қалай шешу керек деген сияқты сұрақтар туындады.
Сол аса маңызды сұрақтар конференцияда талқыланып, жақсы резолюция мен шешімдер болады, деп ойлаймын.
Алмат ӘБДІРАМАН