Алматыда жалған нөмірмен жүрген 11 жүргізуші жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалған нөмірмен жүрген 11 жүргізуші жазаланды

27.04.2022

Алматыда бір тәулік ішінде жалған нөмірмен жүрген 11 жүргізуші жазаланды. Олар «Сергек» камераларының көмегімен анықталған. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады. Тәртіпті елемегендер бір тәулікте 790 құқық бұзушылық жасап, 13 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалады. Соңғы үш айда «Қорғау Сергек» жүйесінің көмегімен 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, бұл камералар өткен жылдың қараша айында пилоттық режимде іске қосылған болатын. Олардың саны 5 мыңнан асады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу