Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді

26.04.2022

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді. Дипломат мұны елдің Бірінші арнасына берген сұхбатында айтты. Лавров батыс елдері Украинаға әскер жіберсе, бұл қадам үшінші дүниежүзілік соғысқа апаруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бірақ соғысқа жол бермеу қажеттігін айтты. Министрдің сөзінше, Украина мен Ресейдің мәмілеге келуіне Батыс елдері мүмкіндік бермей отырған тәрізді. «АҚШ пен Ұлыбритания Зеленскийге келіссөздерді жеделдетпей, өз ұстанымын қатаңдату туралы кеңес беріп отыр», - деп мәлімдеді Лавров. Дипломат тараптар соңында қандай да бір келісімге келеді, деді.

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

Қарулы күштер қолданылатын жағдайлардың бәрі соңында келісіммен аяқталады. Бірақ бұл мәміленің қандай болатынын әскери қимылдың кезеңі анықтайды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу