Эпидемиологиялық ахуал: Барлық өңір «жасыл» аймақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эпидемиологиялық ахуал: Барлық өңір «жасыл» аймақта

26.04.2022

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бүгінде барлық өңір «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 8 адам ғана жұқтырған. Дегенмен, қауіпті індетке қарсы екпе салу жұмысы жалғасуда. Бүгінге дейін вакцинаның 1-ші компонентін 9 млн 480 мың адам салдыртқан. Екінші компонентпен 9 млн 234 мыңнан астам адам егілді. Қазірге дейін Қазақстан әлемнің 33 елімен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісім жасаған. Міндетті маска режимі, әлеуметтік қашықтық сақтау, «Ashyq» қосымшасын пайдалану, сондай-ақ көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым жоқ. Бұл шектеулер өңір «қызыл» аймаққа ауысса ғана енгізіледі.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу