Алматыда ақылы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ақылы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды

26.04.2022

Алматының ақылы автотұрақтары қала меншігіне қайтарылды. Енді барлық табыс мегаполис бюджетіне түседі. Әкімдік тиісті қаулы қабылдаған. Қазір шаһардың тұрақ аймағын ұйымдастыратын бірыңғай оператор құру жұмысы басталды. Бұл қызметтен түсетін түсімдерді тұрақ кеңістігін дамыту, көшелер мен аулаларды абаттандыру үшін пайдалану тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланған. Сондай-ақ, Алматыда көп деңгейлі тұрақтар салу көзделіп отыр. Мегаполисте ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді. Оған жауапты «Алматы спецтехпаркинг сервис» пен «Alan Parking» серіктестіктерінің ақпараты бойынша, ақылы тұрақтардан түсетін қаржы айналымы жылына орта есеппен - 1,4 млрд теңге. Қазіргі уақытта компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды және бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Абылайхан Омархан, қалалық Мобильділік басқармасының бөлім басшысы:

Паркингтің 2 түрі болған: тротуар типті және алаң типті. 2 бағдарлама 2 компаниямен жұмыс істеген. «Alan Parking» 100% , «Алматы спецтехпаркинг сервис» 70/30 болған. Монополиязация болмас үшін компания иелері өздігінен Алматы қаласына толықтай беру ұсыныстар түскен. 1 оператор құрастырылып жатыр.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу