Мәулен Әшімбаев: Арал қазіргі таңда өңірдегі елдер үшін орасан зор экологиялық проблемаға айналып отыр
Аралды қалпына келтіруде Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп жұмыс істеуі керек. Бұл туралы Парламент Сенаты мен Олий Мажлисі Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жиынында айтылды. Мәулен Әшімбаевтың сөзінше «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының қолға алынуы маңызды қадам. Халықаралық Аралды құтқару қорының платформасын барынша пайдаланып, транс-шекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесіп басқарудың оңтайлы жолын іздестіру керек. Сондай-ақ, сенат төрағасы қазіргі проблемаларды шешу үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып, парламенттік бақылау жүргізуді тиімді пайдалану керек деді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшылары Арал проблемасын шешу және трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе екеніне үнемі мән беріп келеді. Кезінде бірегей су қоймасы болған Арал қазіргі таңда өңірдегі елдер үшін орасан зор экологиялық проблемаға айналып отыр. Бұл ынтымақтастықты нығайту және Аралды қайта жандандыру үшін озық тәжірибе мен технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндігі екені сөзсіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04