Асхат Аймағамбетов: Тарих пәнінің оқыту мазмұны өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Аймағамбетов: Тарих пәнінің оқыту мазмұны өзгереді

22.04.2022

Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Ұлттық арнаға берген арнайы сұхбатында Асхат Аймағамбетов осы бағыттағы өзгерістерді айтты. Енді жоғары оқу орындарында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Мысалы 6-сыныпта біздің оқушылар олар 5-ғасырдан 18-ғасырға дейін бір сыныптың ішінде, бір жылдың ішінде бәрін зу еткізіп өтіп шығады. Ал бірақ бұл қазақ үшін, Қазақстан үшін қандай кезең болды. Біз тарихты басқаша қарап жатқан жоқпыз. Біз тек қана оны мектепте қалай өтеміз, балалар оны қалай жақсы түсінуі керек. Және де өзінде сондай отансүйгіштік пайда болуы, оны дамытуы үшін істеліп жатқан жұмыс.


Хабарламаларға жазылу