Халықтың мәселесін енді Ұлттық құрылтай шешеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың мәселесін енді Ұлттық құрылтай шешеді

21.04.2022

Халықтың мәселесін енді Ұлттық құрылтай шешеді. Жаңа құрылатын қоғамдық институттың мақсаты мен міндеттерін бүгін депутаттар мен саясаттанушылар Сарап клубының жиынында талқылады. Онда мемлекеттің қауіпсізідігіне әсер ететін демографиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге ерекше ден қойылмақ. Және қоғамда кенже қалған рухани мәселені шешуде ауқымды шаралар атқарылады. Құрылтайдың жұмысы өңірлерде де жанданады. Қоғамдық институттың құрамына депутаттар ғана емес, өз еңбегімен көзге түскен белсенді азаматтар мен халық жанашырлары кіреді.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Егер де біз мемлекеттің бір мүддесін шешетін, кеңесетін орган құрылтайды құрып жатсақ, онда оның ішінде жалпы өзінің мықты идеясын айта алатын қандай да адам ол депутат болсын, ол белсенді болсын оған қарамау керек деп ойлаймын. Біз бүкіл интеллектуал жинауымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан шектеу оған ол жерде болмайды.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу