«Үлкен жетілік» елдері Украинаға 24 млрд доллар көмек береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен жетілік» елдері Украинаға 24 млрд доллар көмек береді

21.04.2022

«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері Украинаға 24 миллиард доллар қосымша көмек беруге уағдаласты. Бұл жәрдем Киевке биыл және одан кейінгі жылдары да жеткізіледі. Сонымен қатар, қажет болса, қаржылық қолдаудың мөлшері алдағы уақытта көбеюі мүмкін. Бұған қоса, «жетілік» мемлекеттері, Ресей өкілдерінің осы аптада «Үлкен жиырмалық», Халықаралық валюта қоры және Әлемдік банк тәрізді ұйымдардың жиындарына қатысқанына өкініш білдірді. «Халықаралық ұйымдар мен көпжақты форумдар бұдан былай, Ресеймен өз қызметін әдеттегідей іскерлік форматта жүргізбеуі керек», - дейді министрлер.

Ресейге қарсы санкциялар күшейтілді

Тағы бір айта кететін жайт – АҚШ Ресейдің 40 шақты азаматына, «Транскапитал» банкіне және криптовалюта өндірісіне санкция жариялады. Ал, Мемлекеттік департамент 600-ден астам ресейлікті визалық шектеуге алып, олардың Құрама Штаттар аумағына кіруіне тыйым салып отыр.


Хабарламаларға жазылу