Антонина Ермолаева: «Ботай десе – Зайберт, Зайберт десе – Ботай» деген тіркестер бүгінде қатар айтылады» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антонина Ермолаева: «Ботай десе – Зайберт, Зайберт десе – Ботай» деген тіркестер бүгінде қатар айтылады»

20.04.2022

Виктор Зайберттің археологиялық зерттеулерінің арасынан тас ғасырынан сыр шертетін Атбасар неолиттік мәдениетін ерекше атауға болады. Бұл біздің заманымызға дейінгі VI-IV мыңжылдықты қамтиды. Сонымен қатар, ол өзінің ең басты жаңалығы ретінде 1980 жылы Ботай археологиялық қонысын ашты.

Антонина Ермолаева, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Ол жылқының Қызылжар өңірінде алғаш рет қолға үйретілгенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. "Ботай» қонысы бірегей ескерткішінің әлемге танылуына көп тер төкті. Сондықтан «Ботай десе – Зайберт, Зайберт десе – Ботай» деген тіркестер бүгінде қатар айтылады.

Бүгінде Ботай қонысы ЮНЕСКО-ның тізіміне алынған. Бұл жерде табылған археологиялық жәдігерлер саны 120 мыңнан асады. Виктор Зайберт табылған айғақ заттардың арқасында сол замандағы адамдардың мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін анықтай білді.

Талғат Мамиров, Ә.Марғұлан атындағы археология институты директорының орынбасары:

Осы Ботай мәдениеті арқылы ол ежелгі адамдардың өмірін көрсетті. Олардың қалай тұрғанын, қандай шаруашылығы болғанын, үйлері қандай болғанын. Соның бәрін ол кешенді әдістерді қолданып бәрін көрсетті.

Виктор Зайберттің Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясы бойынша 100-ден астам монография мен ғылыми мақала жазған. Ғалым өмірінің 40 жылдан астам уақытын Қазақстан және бүкіл Еуразия құрлығының ежелгі тарихын зерттеуге жұмсады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу