Президент «Amanat» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Amanat» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

20.04.2022

Президент «Amanat» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бүгін Ақордада саяси ұйымның атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Мемлекет басшысына осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау, маусым айының соңына дейін барлық өңірде тұрғындармен кездесу өткізбек. «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңы іске қосылды. Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді. Мемлекет басшысы азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу үшін «Amanat» партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары, осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет.


Хабарламаларға жазылу