Үкімет отырысы: Жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысы: Жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді

19.04.2022

Биыл жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Үкіметте мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша грант саны көбейтілгенімен, түлектерді іріктеу қатаңдатылмақ.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Педогогикалық бағыттар бойынша шекті бал 50 балдан 75 балға дейін көтерілді. Медициналыұқ бағыттар бойынша 70 және заң бағыттары бойынша 75-ке дейін көтерілді. Президенттің тапсырмасы бойынша техникалық мамандықтарға грант үлесі 40 пайыздан 60 пайызға дейін көбейтілді.

Үкіметте білікті кадрларды даярлау мәселесі қаралған болатын. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша қазір университеттер мен колледждерден нарыққа сай емес 50-ден астам мамандықты оқыту тоқтатылып, 60 жаңа кәсіп бойынша сабақтар ашылды. Сондай-ақ министр қыркүйек айынан бастап екі, екі жаорым жылдық бакалавриат, пилоттық режимде енгізілетінін айтты. Бұл қысқа мерзімді қажетті мамандарды даярлау үшін қажет. Бұдан бөлек оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, кадр даярлау ісіне жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру көзделіп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Елімізде ұлттық жобаларды, Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру аясында екі млн-нан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кадр даярлау жүйесін қайта бағдарлауға айрықша назар аударды. Ол үшін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін құрып, студент жастардың шетелде емес, өз елімізде қалуына жағдай жасау керек.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу