«Amanat» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

19.04.2022

«Amanat» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді. Орталық жетекшісі болып Қымбат Қали тағайындалды. Баспасөз орталығы арқылы партия жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, халықпен кері байланысты нығайту көзделген. Мұнда депутаттық фракцияның заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңестер мен Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі, партиялық жобаларды іске асыру және сайлауалды бағдарламаны орындау сияқты тақырыптар жиі қаузалмақ. Студия журналистер мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін қажетті мультимедиа жабдығымен жабдықталған. Конференциялар партияның әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында онлайн режімде көрсетіледі. Дәстүрлі баспасөз конференцияларынан бөлек, іскерлік әрі бейресми жағдайда түрлі кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.

Ринат Кертаев, «Amanat» партиясының хатшысы:

1 наурызда өткен кезектен тыс Съезде «Amanat» Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту, оның ішінде сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат беру мақсатында бүгін көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Бұл – партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы қадамдардың бірі.


Хабарламаларға жазылу