Израиль Газа секторына әуеден соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газа секторына әуеден соққы берді

19.04.2022

Израиль әуе күштері бүгін Газа секторындағы «Хамас» қозғалысы мен өзге де қарулы топтардың лагерлері мен қару-жарақ қоймаларына соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, ешкім зардап шекпеген. Бұның алдында Израиль Газа жақтан жіберілген ракетаны құлатты.

Аймақтағы жағдай осы айдың ортасында қайта шиеленісе бастады. Палестиналықтардың сөзінше, Израиль қасиетті Рамазан айында әйгілі әл-Ақса мешітіне басып кірген. Ал, қарсы жаққа сенсек, палестиналықтар саяси мақсатпен Көне қалада еврейлердің діни мейрамда мінәжат етуіне кедергі жасап отыр.

Айта кетсек, былтыр екі ақ арасындағы дәл осындай тайталас соғысқа ұласып кетіп, талай адам қаза тапқан еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу