Президент туыстары ауыл әкімі де бола алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент туыстары ауыл әкімі де бола алмайды

18.04.2022

Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланып жатыр. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Мемлекет басшысы жолдауда саяси реформалардың 10 бағытын ұсынған. Олардың арасында Президент өкілеттігі де айтылған еді. Әділет министрі Мемлекет басшысының жақын туыстарына кімдер жататынын атады. Сонымен, тізімге Президенттің ата-анасы, балалары, асырап алушылар кіреді. Ата-анасы бөлек ағайындардың аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері де жатады. Президент жекжаттары, ерлі-зайыптылардың жақын туыстары да басшылық қызметте бола алмайды. Осылайша, оларға енді Премьер-министр, Сенат, Мәжіліс төрағасы, министр, облыс, аудан, тіпті ауыл әкімі болуға да тыйым салынады. «Самұрық қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда да басшылық қызметке жол жоқ. Министр супер президенттік пен президенттік форманың аражігін де түсіндірді. Заң жобалары қазір дайындалып жатыр. Парламенттің қарауына биыл тамыз айында жолданып, жыл соңында оларды қабылдау жоспарланып отыр.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

Аудандық, облыс әкімдерінің шешімдерін бұрын Президент бұзуға құқысы бар еді. Енді қазіргі өзгерістерге сәйкес мұндай нелерді Президент енді жасай алмайды. Ол шектеу емес пе? Конституциялық өзгерістер бойынша ол тек қана сол органдардың төрағасын ғана тағайындай алады. Ол шектеу емес па?

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу