Қазақстан қор биржасында доллар 5 теңгеге жуық қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қор биржасында доллар 5 теңгеге жуық қымбаттады

15.04.2022

Қаржы нарығында теңге тағы теңселді. Бүгін Қазақстан қор биржасында доллар 5 теңгеге жуық қымбаттап, 454 теңге 45 тиынға теңесті. Еуроның құны да біршама өсіп, 560 теңгеден сатылып жатыр. Рубль қазір 5 теңге 68 тиын тұрады. Ал мұнайдың бағасы өткен апталарға қарағанда тұрақты. Әлемдік нарықта Brent сұрыпты қара алтын 111 долларға дейін қымбаттады. Ал Америка мұнайының құны 2 процентке өсіп, 106 доллардан сатылып жатыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу