Бүгіннен бастап мобильді ақша аударымына қатысты талап күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап мобильді ақша аударымына қатысты талап күшіне енді

15.04.2022

Бүгіннен бастап мобильді ақша аударымына қатысты талап күшіне енді. Демек енді кәсіпкерлікпен жасырын айналысып, салықтан жалтарып жүргендер тексеріледі. Салық органдарының өкілдері 3 ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан есепшотқа ақша түсіп отырса, мұндай азаматтар туралы банктен хабар алатынын ескертеді. Екінші деңгейлі банктер 4 кезең бойынша мәлімет береді. Биыл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы, келер жылы бюджеттік сала, квазимемлекеттік сектор мамандары, ал үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, басшы лауазымында отырғандар тексеріледі. Мақсат көлеңкедегі ақшаны ел қазынасына қайтару. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу