«Amanat» партиясының ШҚО-дағы қоғамдық қабылдауға 2,5 мыңнан астам өтініш түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясының ШҚО-дағы қоғамдық қабылдауға 2,5 мыңнан астам өтініш түскен

15.04.2022

Жыл басынан бері «Amanat» партиясының Шығыс Қазақстандағы қоғамдық қабылдауларына 2,5 мыңнан астам өтініш түскен. Тұрғындар негізінен әлеуметтік қолдау, жер телімін бөлу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген. Бұл туралы атқарушы хатшының облыс тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Асхат Оралов алдымен «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында Абай ауданының ақсақалдарымен жүздесті. Сондай-ақ, жастармен, өңірдегі белсенділермен партияны жаңғыртудың басымдықтарын талқылады. Зиялы қауыммен тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту жайлы сөйлесті. Кездесуде Семей өңірінің халқы, Абай облысының ашылуын көптен күткендерін жеткізді.

Араб Еспенбетов, Семей қаласының тұрғыны:

Бұл батыл шешім, батыр шешім деп айтуға болады. Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы айтты, «қуатты өңірлер-қуатты ел» деп. Абай облысы қуатты өңір болса, Қазақстанның қуаттылығына, оның мықты болуына өзінің үлесін қосады.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Семей деген орны бөлек, сондықтан қайтадан жаңғырту мәселесін Президент көтеріп, үлкен аймақ құрайын деп жатыр. Қаражат бөлінеді, мүмкіндік беріледі. Облыс орталығы болады. Сондықтан, бөлек Қазақстанның аймағына айналады дегенге ешқандай күмән жоқ.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу