Қостанай облысында кене шаққан 6 адам дәрігер көмегіне жүгінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында кене шаққан 6 адам дәрігер көмегіне жүгінген

15.04.2022

Қостанай облысында күн жылығалы кене шаққан 6 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі 10 жастағы бала. Облыс аумағында кенелердің белсенділігі биыл ерте басталды. Бұл қансорғыш жәндіктерден энцефалит, боррелиоз тәрізді жұқпалы аурулар тарайды. Әзірге кене шағып көмекке жүгінгендерден ондай қауіпті дерт анықталған жоқ. Мамандар індеттің алдын алу мақсатында даладан кене жинап, оларда қандай дерттің қоздырғыштары бар екенін анықтамақ. 

Людмила Налобина, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Кене шаққан алты адамның бәрі дәрігердің бақылауына алынды. 21 күн бойы олардың денсаулығы жіті қадағаланады. Сондай-ақ облыста ашық далада еңбек ететін адамдарға екпе жасалады. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу