Президент тұжырымдамасында ұсынылған Мемлекеттік модельдің Екінші Республикаға көшуі басталып кетті. Бүгін Аманат партиясының ашық талқылау диалог-платформасында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин осылай деді. Оның айтуынша, Екінші республика институционалдық және құқықтық деңгейде жүзеге асатын бастамаларды меңзейді. Қазірдің өзінде Ата заңның 30-дан аса бапқа өзгерістер енгізілмек. Ал сол баптарға сәйкес кем дегенде 20-ға жуық заң толықтырылады. Сондай-ақ, шараға жиналған депутаттар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері «Жаңа Қазақстан» бұл құндылықтар деңгейінде жүзеге асатын ауқымды, ұзақ мерзімді өзгерістер екенін тілге тиек етті.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Қоғам деңгейінде соған сәйкес дискуссия болу керек. Біз қандай жаңа, сапалы күйге ұмтылуымыз керек, біздің ұлт қандай болу керек, біздің қоғам қандай болу керек, біздің азаматтар қандай құндылықтарға бағыт алуы керек. Бұл өте ұзақмерзімді бір жағынан сарапшылар деңгейінде де мазмұнды дискуссияны талап етеді.
Алла Гаврина