Жаңа облыстарды құруға бұған дейін бюджет қарастырылмаған – Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа облыстарды құруға бұған дейін бюджет қарастырылмаған – Министр

14.04.2022

Әлібек Қуантыровтың сөзінше, облыстарды құру туралы жарлық әлі шыққан жоқ. Әкімдер тағайындалғаннан кейін қаражат мәселесі белгілі болады. Қазір құрылатын мемлекеттік органдар үшін штат санын қалыптастыру жүріп жатыр. Мемлекеттік орган қызметкерлері санының көп болмауына да мән береміз. Себебі бәрі қаржыға тіреледі. Жарлық жобалары мамыр айының басында Президент әкімшілігіне енгізіледі. Ал облыс шекараларын айқындауда халықтың пікірі мен экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны және басқа да шарттар ескерілді деді ведомства басшысы. 

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Әлі облыстарды құру туралы Жарлық шыққан жоқ. Бұған дейін жаңа облыстарды құруға бюджет қарастырылмаған болатын. Қазір облыстарды қайта құру 2022 жылдың бюджетін нақтылау кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті қаражат келесі немесе оның арғы жылдардағы бюджетке кіреді. Әзірге барлығы жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен жүргізіледі. Қазір нақты қанша қаражат керегі белгісіз.

Саламат Омаш 

Хабарламаларға жазылу