Ресей АҚШ Конгресінің 398 мүшесіне қарсы санцкия енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей АҚШ Конгресінің 398 мүшесіне қарсы санцкия енгізді

14.04.2022

Бұған дейін Вашингтон, Ресейдің Украинадағы әрекетіне қарсы бірнеше қатаң санкция жариялаған. Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, тізім әлі де толығады. Бұған қоса ведомство Канада парламентінің 87 мүшесіне санкция салынғанын мәлімдеді. Батыс елдері де, Мәскеуге қарсы шектеу шараларын күшейтті. Австралияның қара тізіміне, Ресейдің 13 компаниясы енген. Олардың арасында «КамАЗ», «Газпром», «Транснефть» бар. Сонымен бірге, Британия да бұл тізімді кеңейтті. Оған Ресейдің 200-ден астам жеке және заңды тұлғалары енген. Арасында «Лукойл» президенті Вагит Алекперов, сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың жұбайы да бар.


Хабарламаларға жазылу