Павлодардағы 10 дүкен бағаны негізсіз көтерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы 10 дүкен бағаны негізсіз көтерген

13.04.2022

Павлодарда қант бағасын ұстап тұру үшін бюджеттен қосымша 500 млн теңге бөлінді. Осылайша алты айға жеткілікті қор жасақталды. Ал, сауда орындарындағы азық-түлік бағасы қатаң бақыланбақ. Себебі, кейбір дүкен иелері әлеуметтік тауар құнын негізсіз көтеріп жіберген. Қазір облыс орталығында тұрақтандыру қорынан босатылатын арзандатылған азық-түлік сататын 100-ден астам дүкен бар. Олардың өзінде қант, күріш, қарақұмық сынды-- тұрғындар жиі тұтынатын өнімдерді сөреге шығарып, көзді ала бере алып тастау деректері анықталды. 

Әсия Жаншуақова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Жұмыс тобы құрылды. 13 мониторинг топ жасақталды. Топтардың жұмыстары кезінде 20 өтініш түсті. 96 сауда нүктелеріне шықтық. 10 дүкенде негізгі бағаның өсуі анықталды.

Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу